Нұр-Сұлтан қ., Республика д-лы, 54/2 kazutb_kolledzh@mail.ru +7(7172) 725 834, 725 845

Студенттердің жетістіктері

"Үздік студент-2019"

«Қырандар» әскери-патриоттық және спорттық клубының взвод командирі Бекматов Нұрасыл мен «Қырандар» әскери-патриоттық және спорттық клубының бөлімше командирі Кемпреков Бақытжан «Жас қыран» Республикалық талантты студенттердің III-ші кітап жинағына өмірбаяндары шығып, Үздік студент-2019 атанып, төсбелгі мен куәлікке ие болды. Аталмыш жобаға Республика өңірінен 800-ден астам студент өтінім білдіріп, олардың 150-і ғана үздік деп танылды.

Қалалық "КОЛЛЕДЖ БАРЫСЫ -2019"

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Гуманитарлық колледжінде» 2019 жылдың 30 қарашасында Абай Құнанбайұлының 175 жыл мерей тойына орай арнайы өткізілген Қазақ күресінен қалалық «КОЛЛЕДЖ БАРЫСЫ-2019» жарысында 70 келіден жоғары салмақ дәрежесінде колледжіміздің «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 1-курс студенті Айдарханов Тілеген жүлделі І-орын алып «КОЛЛЕДЖ БАРЫСЫ-2019» атанды. Колледж ұжымы мен студенттері Тілегенді жеңісімен шын жүректен құттықтап, оған спортта жаңа биіктерден көріне беруін тілейді!

"ЖЭКА" киберспорттан турнирі жеңімпазы

Турнир қорытындысы бойынша барлық жүлделі орындар колледжіміздің студенттеріне бұйырды. Атап айтсақ, бірінші орынды қанжығасына байлаған "АЖ-1801" тобының студенті Әкімхан Аян Ержанұлы. Екінші орынды "АЖ-1801" тобы Ерасыл Санатұлы Сыздиков иеленді. Үшінші орынға биыл ғана оқуға түскен "БиТ-1902" тобының студенті Тогаев Батиржон ие болды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оларға алдағы уақытта табыс тілейміз!

СПАРТАКИАДА

2019 жылдың 17 қарашасында "2019 жыл - Жастар жылы" аясында Халықаралық студенттер күніне орай Нұр-Сұлтан қаласының университеттері және колледждері арасында спорттың жеті түрі бойынша СПАРТАКИАДА өткізілді. Кір тасын көтеру сайысынан 63 кг салмағында Жошко Артем ІІІ-орын, 68 кг салмақта Маулеев Мейрамбек ІІ-орынға қол жеткізді.

«WorldSkills Kazakhstan-2019»

Біздің колледжімізден «тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша Болатова Аруна қатысып жүлделі III-орын «қола медальді» жеңіп алды. Арунаның осылай үлкен шеберлікке жетуіне үлес қосқан жетекші ұстазы Жетербаева Райгүль Абилхасымовнаның және колледж басшыларының еңбегі орасан зор.



Посмотреть на карте Астаны