Білекті бірді жығады, Білімді мыңды жығады!

Нұр-Сұлтан қ., Республика д-лы, 54/2 kazutb_kolledzh@mail.ru +7(7172) 999 840, 999 838

Оқу үдерісі

Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру

«Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ колледжінде оқыту 03.09.2014 ж. № 563 бұйрық бойынша кредиттік оқыту технологиясы бойынша жүзеге асырылады.

Кредиттік оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:

1) білім көлемін біріздендіру;

2) оқытуды барынша дараландыру үшін жағдай туғызу;

3) білім алушылардың өзіндік жұмыстарының рөлі мен тиімділігін күшейту;

4) білім алушының оқудағы шынайы жетістіктерін оларды тиімді бақылау рәсімдері негізінде анықтау болып табылады.

Кредиттік оқыту технологиясы мыналарды көздейді:

1) білім алушылар мен оқытушылардың әрбір пән бойынша еңбек шығынын бағалау үшін кредиттер жүйесін енгізу;

2) білім алушылардың жеке оқу жоспарын қалыптастыруға тікелей қатысуын қамтамасыз ететін элективтік пәндердің каталогына енгізілген таңдауы бойынша пәндерді олардың таңдау еркіндігі;

3) білім алушылардың оқытушыларды таңдаудағы еркіндігі;

4) білім алушылардың білім траекториясын таңдауына ықпал ететін эдвайзерлерді оқу үдерісіне тарту;

5) оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану;

6) білім беру бағдарламаларын меңгеруде білім алушылардың өзіндік жұмыстарын жандандыру;

7) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылаудың тиімді әдістері.

Кредиттік оқыту жүйесі бойынша 1 академиялық оқу жылы екі семестрден, әр семестр 15 оқу аптасынан, сабақтың ұзақтығы 50 минуттан тұрады, білім алушылар үшін сабақ бір ауысымда 8.00-ден 14.00-ге дейін жүргізіледі.

Студенттердің білім деңгейін бағалау рейтингтік - балдық жүйе бойынша жүргізіледі.

Әріптік жүйе бойынша баға Балдардың сандық эквиваленті %- дық көрсеткіш Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
А 4.0 95-100 Өте жақсы
А- 3.67 90-94 Өте жақсы
В+ 3.33 85-89 Жақсы
В 3.0 80-84 Жақсы
В- 2.67 75-79 Жақсы
С+ 2.33 70-74 Қанағаттанарлық
С 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
С- 1.67 60-64 Қанағаттанарлық
D+ 1.33 55-59 Қанағаттанарлық
D 1.0 50-54 Қанағаттанарлық
F 0-49 Қанағаттанарлықсыз



Студенттің білімін бағалау формасы ретінде емтихан тағайындалды. Ол Платонус автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы жүргізіледі.

Колледжде мүгедек балалар үшін қашықтықтан білім беру технологиясы (№06-03-299 14.01.2011), 2011-2012 оқу жылында енгізілді. Бұл ретте мүмкіндігі шектеулі балаларды қабылдауға байланысты кәсіби бағдар беру жұмыстары жыл сайын өткізілуде.

Колледжде Студенттерге қызмет көрсету орталығы жұмыс жасайды

Орталықта студенттердің өтініші бойынша анықтамалар, мемелекеттік қызмет бойынша құжаттар дайындалып, студенттерге мемлекеттік қызмет көрсетіледі.




Посмотреть на карте Астаны