Білекті бірді жығады, Білімді мыңды жығады!

Нұр-Сұлтан қ., Республика д-лы, 54/2 kazutb_kolledzh@mail.ru +7(7172) 999 840, 999 838

Колледж психологы

Психологиялық қызмет жұмысының негізгі мақсаттары:

Әрбір студенттің жеке тұлғалық дамуы үшін жағымды психологиялық-педагогикалық жағдайларды қамтамасыз ету;

Колледждің барлық білім беру үдерісіне қатысушыларға кешенді әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету.

Жұмыс қорында көптеген төмендегідей жұмыс әдістері бар: тренингтер, семинарлар, әңгімелесулер, дәрістер, жеке және топтық психологиялық кеңес берулер.

Колледждің психологиялық қызметі

Психолог адам өз-өзіне көмек көрсете алуына көмектеседі. Колледждің психологиялық қызметі – бұл студенттерге психологиялық көмек көрсетуге бағытталған құрылым. Психологиялық қызметтің негізгі міндеті оқу үрдісінде студенттерге психологиялық қолдау, топқа бейімделуіне ықпалдасу болып табылады. Психологиялық қызметтің мақсаты – студенттердің жалпы және психологиялық-педагогикалық мәдениетін көтеру, іс-әрекеттегі үйлесім-діліктің бір факторы ретінде адамның психологиялық ерекшеліктері туралы түсінікті толықтай қалыптастыру. Психологиялық босаңсу кабинетінде психолог Аманжол Жулдыз Манарбеккызы жұмыс істейді. Психолог маманнан студенттер келіп, керек кезінде психологиялық көмек ала алады. Сонымен қатар, психолог студенттерге, ата-аналарға, оқытушылар мен әкімшілікке жекелей және топтық кеңестер береді. Ата-аналар мен студенттер психологқа маңызды психологиялық мәселелерді шешу үшін хабарласуға болады. Жекелей жұмыспен қатар топтық жұмыстар да өткізіледі. Нәтижесінде, студенттер бірін-бірі түсінуге , бір-біріне қолдау көрсетуге, кикілжің жағдайларынан ұтымды шығуларына үйренеді. Қандай да бір жаттығуларды бірлесіп орындау, топтың ұжымдасуына, міндеттерді өз бетінше бөлісуге ықпалын тигізеді.

Посмотреть на карте Астаны