Нұр-Сұлтан қ., Республика д-лы, 54/2 kazutb_kolledzh@mail.ru +7(7172) 999 840, 999 838

«WorldSkills Kazakhstan-2019»



Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылдың 11-15 қараша аралығында өткен Білім және ғылым министрлігінің және «Кәсіпқор» холдингі» комерциялық емес акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен Республикалық деңгейдегі кәсіптік шеберлік конкурсы «WorldSkills Kazakhstan-2019» чемпионаты болып өтті. «WorldSkills Kazakhstan» чемпионатының мақсаты-жұмысшы мамандықтардың кәсіптік беделін көтеру және кәсіптік білім беруді дамытуды қолдау, кәсіби шеберлік Чемпионатын халықаралық деңгейде ұйымдастырып өткізу. Бесінші Республикалық «WorldSkills Kazakhstan-2019 чемпионатына 38 құзіреттілік бойынша еліміздің әр аймағынан 400-ден астам жас мамандар мен ЖОО және колледж студентттері өздерінің кәсіптік шеберлігін көрсетті. Біздің колледжімізден «тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша Болатова Аруна қатысып жүлделі III-орын «қола медальді» жеңіп алды. Арунаның осылай үлкен шеберлікке жетуіне үлес қосқан жетекші ұстазы Жетербаева Райгүль Абилхасымовнаның және колледж басшыларының еңбегі орасан зор. Сонымен қатар чемпионатта Арунаны қолдауға студенттеріміз белсенді жанкүйер бола білді .






Посмотреть на карте Астаны