Нұр-Сұлтан қ., Республика д-лы, 54/2 kazutb_kolledzh@mail.ru +7(7172) 999 840, 999 838

STARTUP үздік бизнес-жобасы.



2019 жылдың 15 қарашасында колледждің «Бизнес және технология» бөлімшесінің оқытушысы Князова Қымбат Жалғасбайқызының ұйымдастырумен «Ұлттық валюта-теңге күніне» орай колледж студенттері арасында STARTUP үздік бизнес-жобалары байқауын өткізді. Байқауға колледж студенттерімен қатар оқытушылар мен қызметкерлері де қызығушылық танытып белсене қатысты. Бизнес-жобалар тек қызмет көрсету саласы ғана емес, өңдеу және өндіруге қатысты салаларды қамтыды. Байқаудың қорытындысы бойынша І-орынға Рузыев Сұлтан мен Смагулова Сабринаның біріккен бизнес-жобасы, ІІ-орынға Айтимова Мадина, ІІІ-орынға Happy show командасының (Исанова Аида, Ахметжанова Айжан, Арипов Диас, Жансерікұлы Дінмұхамед) бизнес-жобасы ие болды. Байқауға қатысқан барлық бизнес-жобалар иелеріне алғыс хаттары табысталды.










Посмотреть на карте Астаны