Нұр-Сұлтан қ., Республика д-лы, 54/2 kazutb_kolledzh@mail.ru +7(7172) 999 840, 999 838

"ЖЭКА" киберспорттан турнир



Ағымдағы жылдың 26 қарашасында «Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ колледжінде «Қазақстан Республикасы колледждері ассоциациясы» және «Ресей Федерациясы тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығын реформалауды қолдау Қорымен» бірлесе отырып, «ЖЭКА» компьютерлік ойыны бойынша ұлттық кибертурнир өткізілді. Турнирге Нұр-Сұлтан қаласының бірнеше колледждері қатысты.

Аталмыш Кибертурнирдің негізгі мақсаты тұрғын үйдің жауапты меншік иесін және елдің белсенді азаматын тәрбиелеу, сондай-ақ экологиялық жауапты мінез-құлық дағдыларын, қоршаған ортаға ұқыпты қарау, салауатты өмір салты мен отбасылық құндылықтарды қалыптастыру болып табылады.
Турнирдің міндеттері:
- ТКШ саласында қатысушылардың әлеуметтік белсенділігін дамыту;
- қатысушылардың энергия үнемдеудің заманауи технологияларын игеруі;
- ТКШ саласында қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру;
- қатысушыларды экологиялық мәдениетке ынталандыру;
- қатысушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;
- азаматтық қоғам институттарын дамыту үшін азаматтық бастамаларды қолдау;
- жергілікті өзін-өзі басқару институттарын дамыту және нығайту.

Турнир екі кезең бойынша өткізілді. Бірінші кезеңде үміткерлер 2019 жылғы 20 қараша мен 23 қараша аралығында "ЖЭКА"ойынына қатысуға іріктеуден өтті. Іріктеу кезеңінің нәтижелері бойынша "ЖЭКА" ойынының сайтында ойыншылардың қол жеткізген нәтижесін тіркейтін баллдық жүйе негізінде жеңімпаздар іріктелді. Екінші кезеңде "Қазақ технология және бизнес университеті" АҚ колледжінде әр түрлі колледждерден жиналған 20 финалист арасында "АРТЕК" халықаралық балалар лагеріне жолдама ойнатылды.

Турнир қорытындысы бойынша барлық жүлделі орындар колледжіміздің студенттеріне бұйырды. Атап айтсақ, бірінші орынды қанжығасына байлаған "АЖ-1801" тобының студенті Әкімхан Аян Ержанұлы. Екінші орынды "АЖ-1801" тобы Ерасыл Санатұлы Сыздиков иеленді. Үшінші орынға биыл ғана оқуға түскен "БиТ-1902" тобының студенті Тогаев Батиржон ие болды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оларға алдағы уақытта табыс тілейміз!








Посмотреть на карте Астаны