Нұр-Сұлтан қ., Республика д-лы, 54/2 kazutb_kolledzh@mail.ru +7(7172) 999 840, 999 838

04 қараша күні «Қазақ технология және бизнес университеті »АҚ колледжінің «Жалпы білім беру пәндері және ақпараттық технологиялар» бөлімінің «Рухани жаңғыру жастарға- жарқын жол» атты апталығының ашылуы өтті.



05.11.19 күні «Жалпы білім беру пәндері және ақпараттық технологиялар» бөлімінің ағылшын тілі пәнінің оқытушылары Айтимова Жанель Тлектесқызы ТиОПППП-203 тобымен «Food around the world» тақырыбында және Көбекбай Бақыт Ізбасарқызы АЖ-201 тобымен «College of KazUTB meets friends» тақырыбында сабақтан тыс сабақ өткізді.



06.11.19 күні бөлімнің физика және астрономия пәнінің оқытушысы Жеңісханов Мұрат «Резерфорд тәжірибесі. Атомның планетарлық моделі. Атом ядросының құрамы» тақырыбында, және Жарқынбекова Сағдат Серікбайқызы мен Сарсембекова Жұлдыз Манапқызы кәсіби орыс тілі пәнінен АЖ-201 тобымен «Я- специалист» атты ашық сабақ өткізді.


Колледж психологы Сариева Раушан Дауылбайқызы Жас мамандармен «Кәсіби шеберлікті шындауға аудиториямен қарым-қатынас жасау біліктілігі» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.


Колледждің дене тәрбиесі пәнінің оқытушылары Абдилов С.С., Исанов Н.Д. Жанұзақов М. студенттер арасында үстел теннисінен жарыс өткізді.


07.11.19 күні «Жалпы білім беру пәндері және ақпараттық технологиялар» бөлімінің информатика пәнінің оқытушысы Керімбаева Балауса Телиханқызы ФиС-201 тобымен «HTML-тілінің негізі. Web бет құру» тақырыбында ашық сабақ көрсетті.


Матиматика пәні бойынша «Туынды табу ережелері» тақырыбында Есенова Гүлнар Өмірбайқызы ТЖБ-102 тобымен ашық сабақ өткізді.


Мырзатаева Жанна Серікбайқызы «Құқық қорғау қызметі -201» тобымен «АЗАТ ЕЛДІҢ АР-НАМЫСЫ-АТА ЗАҢ!» тақырыбында сабақтан тыс сабақ өткізді.


08.11.19 күні «Жалпы білім беру пәндері және ақпараттық технологиялар» бөлімінің қазақ тілі мен ағылшын тілі пәнінің оқытушылары Мамраимова Ж.Т. және Құсаинова А.Ж. ФиС-101,102 топтар арасында «Ойлы болсаң,озып көр» тақырыбында интеллектуалды ойын сабағын өткізді.


08.11.19 күні орыс тілі пәнінің оқытушылары Жаркынбекова Сағдат Серікбайқызы мен Сарсембекова Жұлдыз Манапқызы «Абай Құнанбаевтың 175 жыл мерей тойына» орай «Сөз түзелді, тындаушы сен де түзел» тақырыбында әдеби музыкалық кеш өткізді. Кештің соңында «Жалпы білім беру пәндері және ақпараттық технологиялар» бөлімінің апталығының жабылу салтанаты өтіп, апталықта белсенділік танытқан оқу топтарына, студенттерге алғыс хаттар табысталды.






Посмотреть на карте Астаны