Нұр-Сұлтан қ., Республика д-лы, 54/2 kazutb_kolledzh@mail.ru +7(7172) 999 840, 999 838

Ант қабылдау рәсімі



2019 жылдың 7 қарашасында «Қырандар» әскери-патриоттық және спорттық клубына жаңадан қабылданушылардан «Салтанатты ант қабылдау рәсімі» болып өтті. Клубқа өтініш білдірген жастар қарасы аз болмады. Нәтижесінде үздіктер мен жүйріктерден құралған белсенділер қабылданып салтанатты түрде ант қабылдады. Шара барысында «Қырандар» әскери-патриоттық және спорттық клубының жетекшісі Қасымов Мамыр Әбдіқадырұлы мен колледж директорының тәрбие істері жөніндегі орынбасары Кап Алдакерей сөз сөйлеп, ант қабылдаушыларға жылы лебізін білдірді. Ант қабылдаушылар «Қырандар» әскери-патриоттық және спорттық клубына қабылданғаны жайлы сертификаттарға ие болды.





Посмотреть на карте Астаны