Нұр-Сұлтан қ., Республика д-лы, 54/2 kazutb_kolledzh@mail.ru +7(7172) 999 840, 999 838

"Қырандар" ӘПСК жетекшісі еншісіне тағы бір марапат!



«Қырандар» әскери-патриоттық және спорттық клубының ұйымдастыруымен «Ұстаздарды марапаттау рәсімі» өтті. Колледждің арнайы пәндер оқытушылары керемет наградалар мен алғыс хатқа ие болды. «Ұстаздарды марапаттау рәсіміне» арнайы шақыртылған қонағымыз Қазақ технология және бизнес университетінің президент-ректоры Оразбаев Жұматай Зейноллаұлы қатысты. Шара барысында «Қырандар» әскери-патриоттық және спорттық клубының жетекшісі Қасымов Мамыр Әбдіқадырұлы Қазақстан педагогтар қауымдастығының шешімімен «Ыбырай Алтынсарин», ҚР Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағанбетов мырзаның атынан «Еңбек ардагері» және де «Тәжік-ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысушылар қоғамының» «Қазақ батыры» медалін Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасы А.Ә.Д. және дене тәрбиесі пәндерінің әдіскері Тлегенов Қайрат Нурахметұлы табыс етті .

«Қырандар» әскери-патриоттық және спорттық клубының жетекшісі Қасымов Мамыр Әбдіқадірұлы бір күнде үш медаль иесі болды.




Посмотреть на карте Астаны