Білекті бірді жығады, Білімді мыңды жығады!

Нұр-Сұлтан қ., Республика д-лы, 54/2 kazutb_kolledzh@mail.ru +7(7172) 999 840, 999 838

«Ер есімі, ел есінде...»


2019 жылы 8 мамыр күні «Қырандар» әскери-патриоттық және спорттық клубының жетекшісі Мамыр Қасымов колледжде «Ер есімі, ел есінде...» атты мерекелік концерт өткізді. (7 мамыр – Отан қорғаушы күніне және 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт) Концертке Ардагерлер одағының («Тәжік-ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысушылардың») РҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Жарекеев Мурат Токсанбаевич және ардагерлер Кузербаев Айтуган Кулмаханбетович, Орымбаев Абай Кайдарович, Рысбаев Болат Сейлханович, Акболатаев Ербол Булатович қонаққа келді. Концерт жоғары деңгейде өтті. Концерт соңында колледж директоры Кеншбаев Болат Рихимович «Қырандар» әскери-патриоттық және спорттық клубының жетекшісі Қасымов Мамыр Әбдіқадірұлын Алғыс хатпен марапаттады.






Посмотреть на карте Астаны