Білекті бірді жығады, Білімді мыңды жығады!

Нұр-Сұлтан қ., Республика д-лы, 54/2 kazutb_kolledzh@mail.ru +7(7172) 999 840, 999 838

«Сен сұлу» сайысы


Дизайн және технологиялар апталығында «Сен сұлу» сайысы өткізілді. Сайыс мақсаты, қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу болды. «Сен сұлу» сайысы 5-номинациядан тұрды. Қатысқан арулар саны 5-еу. Әр топтан қыздар қатысты. Дизайн-201, дизайн-202, ШПиМО-201 топтары. Сайыстың шарттары 5 шарттан тұрды, олар:
1-«Сәлем-сөздің атасы» деп аталады, әр ару өзін-өзі таныстырады,
2-« Өнерлі өрге жүзер», әр ару өз өнерлерін көрсетеді.
3-« Білімді мыңды жығар» әртүрлі сұрақтар беріледі.
4-«Анамның сүйікті асы». Арулар өздерінің үйден жасап келген тағамдарын қалай пісірілуін айтып беріп, көрсетеді.
5-«Дефиле»
Сайысымыз өте әдемі және қызықты өтті. Қыздарымыздың мыңбұрала билеген билері мен өнерлерін басқа да қырынан тамашаладық. Ең үздік болып «Сен сұлу» номинациясына ие болған дизайн-201 тобының студенті Қантбаева Асель болды. Қалған қыздарымызға «Ең көрікті», «Ең ақылды», «Ең сыпайы», «Ең сымбатты» деген номинациялар берілді.





Посмотреть на карте Астаны