Нұр-Сұлтан қ., Республика д-лы, 54/2 kazutb_kolledzh@mail.ru +7(7172) 999 840, 999 838

«Заманауи ас мәзірі»



2021 жылдың ақпан айының 25 жұлдызында «Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ колледжінің «Бизнес және технология» бөлімінің «Тамақтандыру кәсіпорындары тағамдарын өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру» мамандығының арнайы пәндер оқытушылары «Заманауи ас мәзірі» тақырыбында шеберлік сынып өткізді. Шеберлік сыныпта бағдарламаға сай бейнероликтер көрсетіліп, қазіргі таңда тұтынушылардың арасында танымал болған жаңа ас мәзірлерінің дайындалу технологиясы мен оларды безендіру жолдары көрсетілді. Соның ішінде салқын тіскебасарлар, тәтті десерттер мен ыстық сусын түрлеріне жеке тоқталды. Шеберлік сынып соңында қатысушылар мен оқытушылар арасында пікір алмасу, дегустация болып бағалау жұмыстары жүргізілді.


Посмотреть на карте Астаны