«Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» кездесу-дәрісі

23.11.2021 ж. колледж студенттерімен «Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» кездесу-дәрісі өткізілді. Негізгі мақсаты: конфессияаралық қатынастарды нығайтудағы ең демократиялық тәсіл ретінде зайырлылық қағидатын түсіндіру, радикалды діни идеяларды таратуға қарсы іс-қимыл және жастардың терроризмге қарсы санасын қалыптастыру. Кездесуге Нұр-Сұлтан қаласының Дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкерлері, «Есіл» ауданының полиция басқармасының қызметкері қатысты. Кездесу барысында қонақтар студенттерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді.




