Нұр-Сұлтан қ., Республика д-лы, 54/2 kazutb_kolledzh@mail.ru +7(7172) 999 840, 999 838

Aттестаттаудан өткен оқытушыларын құттықтау

2019-2020 оқу жылында «Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ колледжінің оқытушыларын аттестаттау жұмысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығының 2-қосымшасының 25-тармағына сәйкес бекітілген «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шартын бекіту туралы» жалпы ережесін негізге ала отырып жүргізілді. 2019-2020 оқу жылында колледж бойынша аттестациядан өтуге барлығы 11 оқытушы өтініш берген.

Нұр-Сұлтан қаласындағы колледждер арасында тәжірибе алмасу мақсатында осы оқу жылының 05 - желтоқсанда Нұр – Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының аттестаттаудан өтетін оқытушылармен өткізілетін жұмыс жоспарына сәйкес «Техникалық және кәсіптік білім беруде инновациялық технологияларды оқу үрдісіне енгізу арқылы студенттердің танымдық белсенділігін арттыру» тақырыбында қалалық әдістемелік күн өткізілді. Әдістемелік күннің бағдарламасына сәйкес жоғары, бірінші және екінші санатқа аттестатталушылар ашық сабақтар өткізіп, қала колледждерінің оқытушыларына өз іс - тәжірибелерін көрсетті.

Ашық сабақ өткізу барысында жоғарыда аталған оқытушылар студенттердің танымдық іс-әрекетінің дамуы оқытушының оқытуына да байланысты болып келтіндігін, жеке тұлғаның дамуына студенттердің оқу-танымдық белсенділігін арттыруға, қазіргі заман талабына сай оны оқу үрдісіне енгізуге көңіл аударылды. Белсенділік студенттің әрекеті және пән оқытушысы қосылғандағы дәрежесін айқындады. Студенттер алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана алып, танымдық іс-әрекеттер ұстанымдарына негізделіп қалыптасқанын көрсете білді, сабақ құрылған жоспарға сай өтті деген пікір естідік. Барлық аттестаталушы оқытушылардың студенттерінің, өздерінің жетістіктері жинақталған электронды портфолиолары сараптама тобының тексерісінен өтіп 2020 жылдың 19 мамыр күні жоғарыда аталған 11 оқытушы «ҚР БжҒМ Біліктілік санатын беру үшін аттестатталушы педагогты аттестаттау туралы» атестаттау комиссиясының № 257-Ж/Қ бұйрығы бойынша КУӘЛІККЕ ие болды

Осыған байланысты:
1.Мешелов Мухамедрахим Елубаевич жоғары санатын растауымен
2.Муканова Айгуль Естаевна мерзімінен бұрын жоғары санатқа өтуімен
3.Усманов Кубей Камбарович мерзімінен бұрын жоғары санатқа өтуімен
4. Қасымов Мамыр Әбдіқадірұлы жоғары санатқа өтуімен
5. Кусаинова Айгерим Жумабековна жоғары санатқа өтуімен
6.Асылбек Айгерим бірінші санатқа өтуімен
7.Абжанова Индира Бериковна бірінші санатқа өтуімен
8. Князева Қымбат Жалгасбаевна бірінші санатқа өтуімен
9. Мырзатаева Жанна Серикбаевна екінші санатқа өтуімен
10.Онал Тилеуберди мерзімінен бұрын екінші санатқа өтуімен
11.Темір Аслан Маратұлы мерзімінен бұрын екінші санатқа өтуімен

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Посмотреть на карте Астаны