Оқытушы еңбегіне құрмет

Қазақстан Республикасы «Ауғаныстан және жергілікті соғыстар ардагерлерінің одағы» Төрағасының орынбасары Қ.А. Күзербаев Қазақстан Республикасының ауған ардагерлері мен жергілікті жауынгерлер одағы атынан колледждің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Мамыр Әбдіқадірұлы Қасымовты Қазақстан Республикасының жеке құрама атқыштар батальондарының тәжік-ауған шекарасынан шығарылуының 20-жылдығымен құттықтап, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге, тәуелсіздік пен қорғанысты нығайтуға бағытталған белсенді еңбегі үшін зор алғыс білдірді.