Нұр-Сұлтан қ., Республика д-лы, 54/2 kazutb_kolledzh@mail.ru +7(7172) 725 834, 725 845

«Ұлы дала өркениеттері» жобасының аясында «Жетістіктің тарихы» атты кездесуі



2021 жылдың 3- желтоқсан күні «Ұлы дала өркениеттері» жобасы аясында Нұр-сұлтан қаласы мәслихатының ең жас депутаты, «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының астаналық филиалының төрағасы, «Astana - Adaldyg alany» жобалық кеңсесі басшысының м.а. Жанділдаев Бақдәулет Болатұлымен «Жетістіктің тарихы» атты кездесу өтті. Кездесу барысында Бақдәулет Болатұлы жастар қанатының қызметі, оның мақсаттары мен жастармен жұмыс жоспарлары туралы айтып берді.

«Жас Отан» жастар қанаты Жастарды қоғамдық өмірге тарту, жастардың бастамаларын қолдау және олардың мүдделерін білдіру арқылы белсенді, патриоттық жастардың қалыптасуына ықпал етеді" –деп атап өтті Бақдәулет Болатұлы.

Әңгімелесу барысында қонақ студенттерді қызықтырған барлық сұрақтарға жауап беріп, оларды өз елінің білімді және мәдени азаматтары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымы бар адамдар болуға шақырды.
@anticorruption.kazakhstan
@anticor_nursultan
ұлыдалаөркениеттері_нұр_cұлтан
ұлыдалаөркениеттері
колледжКАЗУТБ
студенческоесамоуправление
студенческийпарламент
самоуправление
өзінөзібасқару
РУМЦДОМОНРК



Посмотреть на карте Астаны