Білекті бірді жығады, Білімді мыңды жығады!

Нұр-Сұлтан қ., Республика д-лы, 54/2 kazutb_kolledzh@mail.ru +7(7172) 999 840, 999 838

Тарих

Колледж «Қазақ технология және бизнес университеті» акционерлік қоғамының құрамында 2006 жылы құрылды.
Мемлекеттік лицензия № KZ29LAA00006760.
Колледж 2016 жылы мемлекеттік аттестациялаудан өтті. Колледжде күндіз оқыту және сырттай оқыту бөлімшелері бар.
Колледжде 2014 жылдан бастап кредиттік технология қолданылады.
Мүмкіндігі шектеулі студенттер 2015 жылдан бастап қашықтықтан білім беру технологиялары арқылы оқытылады.
Колледжде 2010 жылдан бері «Platonus» атаулы автоматтандырылған ақпараттық жүйе енгізілген.
Барлық мамандықтар бойынша мемлекеттік тіл және орыс тілі негізінде құрылған оқу топтары бар.
Оқыту мемлекеттік білім беру тапсырысы қаражаты есебінен және ақылы негізде жүзеге асырылады.
Колледжде 48 педагог жұмыс істейді, олардың ішінде:
- 1 PhD докторы деген ғылыми дәрежелі оқытушы;
- 12 жоғары санатты оқытушы;
- 11 бірінші санатты оқытушы
- 7 екінші санатты оқытушы;
- 17 санаты жоқ оқытушы бар.
Мұғалімдер қалалық, республикалық, халықаралық курстарға барып біліктіліктерін арттырып отырады.
Барлық педагогтардың өздері әзірлеген оқу-әдістемелік кешендері бар.
Колледжде 2018-2019 оқу жылында 757 студент, соның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 355 студент білім алып жатыр.
Оқу үлгерімі 2018-2019 оқу жылында күндізгі оқу бөлімшесінде 99,6 пайызды, сырттай оқу бөлімшесінде 100 пайызды, қашықтықтан білім беру технологиялары арқылы оқитын студенттердің арасында 100 пайызды құрайды.
Білім сапасы 2018-2019 оқу жылында күндізгі оқу бөлімшесінде 91,8 пайызды, сырттай оқу бөлімшесінде 71 пайызды, қашықтықтан оқыту технологиялары арқылы білім алатын студенттердің арасында 95 пайызды құрайды.
Колледжде бірнеше жыл қатарынан полиция есебінде тіркелген студент жоқ.
Колледждің мекенжайы: 010008, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы, Республика даңғылы, 54/2.




Посмотреть на карте Астаны