Нұр-Сұлтан қ., Республика д-лы, 54/2 kazutb_kolledzh@mail.ru +7(7172) 999 840, 999 838

Мамандықтар

Мамандықтар тізімі

Мамандықтың коды және атауы

Біліктіліктің коды және атауы

Оқу мерзімі

9 сынып негізінде

11 сынып негізінде

1

0103000 - Дене тәрбиесі және спорт

0103023-дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі

3 ж 10 ай

2 ж 10 ай

2

0201000 - Құқықтану

0201013-заңгер

2 ж 10 ай

1 ж 10 ай

3

0202000 - Құқық қорғау қызметі

0201013-заңгер

2 ж 10 ай

1 ж 10 ай

4

0402000 - Дизайн (бейін бойынша)

0402013-дизайнер

3 ж 10 ай

2 ж 10 ай

5

0507000 - Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру

0507063-Супервайзер (ауысым басшысы)

2 ж 10 ай

1 ж 10 ай

6

0511000 - Туризм (салалары бойынша)

0511043-менеджер

3 ж 10 ай

2 ж 10 ай

7

0516000 - Қаржы (салалар бойынша)

0516053-қаржы жұмысы бойынша экономист

2 ж 10 ай

1 ж 10 ай

8

0601000-Метрология, стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)

0601013-стандарттау-технигі

2 ж 10 ай

1 ж 10 ай

9

0819000 - Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы

0819073-техник-технолог

3 ж 10 ай

2 ж 10 ай

10

1211000 - Тігін өндірісі және киімдерді модельдеу

1211083-модельер-конструктор

3 ж 10 ай

2 ж 10 ай

11

1226000 - Тамақтандыру кәсіпорындарының өнімдерін өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру

1226043-техник-технолог

3 ж 10 ай

2 ж 10 ай

12

1305000 - Ақпараттық жүйелер (қолдану саласы бойынша)

1305023-техник-программист

3 ж 10 ай

2 ж 10 ай

13

1418000 - Сәулет өнері

1418023-техник-жобалаушы

3 ж 10 ай

2 ж 10 ай



















«Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ колледжі төмендегі мамандықтар бойынша мамандар дайындайды:
0103000 – «Дене тәрбиесі және спорт»
Біліктілігі: дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі
Оқу мерзімі: 9 сынып негізінде – 3 жыл 10 ай, 11 сынып негізінде – 2 жыл 10 ай.
Оқу нысаны: күндізгі
Оқу түрлері: ақылы
«Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының нысандары негізінен әр түрлі балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептері болып табылады.
«Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі» білім беру, тәрбиелеу және сауықтыру міндеттерін шешу арқылы тәрбиеленушілердің физикалық және моральдық қасиеттерін дамытуға, олардан жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді.
«Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі» көбінде жасөспірімдер арасынан спортқа бейімді таланттарды алғашқы болып анықтайды, даңқты спортшылардың тұңғыш жаттықтырушылары болып табылады.

0201000 – «Құқықтану»
Біліктілігі: заңгер
Оқу мерзімі: 9 сынып негізінде – 2 жыл 10 ай, 11 сынып негізінде – 1 жыл 10 ай.
Оқу нысаны: күндізгі, сырттай және қашықтықтықтан оқыту
Оқу түрлері: ақылы
Біз әртүрлі мемлекеттік және жекеменшік ұйымдар, мекемелер, кәсіпорындар, компаниялар, фирмалар үшін құқық саласындағы қызметкерлер ретінде «Құқықтану» мамандарын даярлаймыз.
Адамдар баяғы замандардан-ақ әртүрлі ережелер мен нормаларды ойлап табуға, әзірлеуге, жасауға ұмтылды. Адамзат қоғамы заң үстемдігі салтанат құрған жағдайда мінсіз болады! Біз, өз түлектеріміздің елімізде және әлемде заң үстемдігі салтанат құрған қауымдастықты қалыптастыруға белсенді түрде қатысатынына сенеміз.

0202000-Құқық қорғау қызметі
Біліктілігі: заңгер
Оқу мерзімі: 9 сынып негізінде – 2 жыл 10 ай, 11 сынып негізінде – 1 жыл 10 ай.
Оқу нысаны: күндізгі және сырттай оқу
Оқу түрлері: ақылы
Біздің түлектер ішкі істер, қаржы полициясы, прокуратура, қылмыстық-атқару жүйесінің, кеден, өртке қарсы қызмет органдары мен ұйымдарында жұмыс істей алады.
Колледждің оқытушылары біздің түлектерге республикамыздың әр азаматының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды маман ретінде қамтамасыз етуге жететіндей білім беріп, дайындап шығарады.

0402000- Дизайн (бейін бойынша)
Біліктілігі: дизайнер
Оқу мерзімі: 9 сынып негізінде – 3 жыл 10 ай, 11 сынып негізінде – 2 жыл 10 ай.
Оқу нысаны: күндізгі және қашықтықтықтан оқыту
Оқу түрлері: ақылы
Бұл біліктіліктің мамандары еңбек нарығында сұранысқа ие. Олар көркемдеуші-суретші, дизайнді оқытушы, графикалық суретші, жобалаушы, дизайнер, интерьердің, жиһаз фабрикасының, фирмалардың, дүкендердің, баспалардың, жарнама агенттіктерінің, фото салондардың, архитектуралық ортаның дизайнері, арт-дизайнер, макеттік дизайнер болып жұмыс істей алады.
Колледж түлектері табысты жұмыстарға орналаса алады.

0507000 - Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру
Біліктілігі: супервайзер (ауысым басшысы)
Оқу мерзімі: 9 сынып негізінде – 3 жыл 10 ай, 11 сынып негізінде – 2 жыл 10 ай.
Оқу нысаны: күндізгі, сырттай және қашықтықтықтан оқыту
Оқу түрлері: ақылы
Мамандықтың кәсіби қызметінің нысандары қонақ үй кешендері, туристік фирмалар болып табылады. Еліміздің танымалдығының жоғарылауына байланысты астанаға келуші туристер ағынының өскендігінен осы мамандыққа деген сұраныс жыл санап артып келеді.
Колледждің бұрынғы жылдардағы түлектері негізінен «5 жұлдыз» санатындағы қонақ үйлерде жұмыс істейді.

0511000- Туризм (салалар бойынша)
Біліктілігі: менеджер
Оқу мерзімі: 9 сынып негізінде – 3 жыл 10 ай, 11 сынып негізінде – 2 жыл 10 ай.
Оқу нысаны: күндізгі, сырттай және қашықтықтықтан оқыту
Оқу түрлері: ақылы
Аталған біліктілік мамандары еңбек нарығында сұранысқа ие болып табылады. Олар менеджер, гид-аудармашы, экскурсия жетекшісі, әкімші, аниматор болып жұмыс істей алады.
Колледж түлектері туристік салаларда жұмысқа табысты орналасады.

0516000 - Қаржы (салалар бойынша)
Біліктілігі: қаржы жұмысы бойынша экономист
Оқу мерзімі: 9 сынып негізінде – 2 жыл 10 ай, 11 сынып негізінде – 1 жыл 10 ай.
Оқу нысаны: күндізгі, сырттай және қашықтықтықтан оқыту
Оқу түрлері: ақылы
Аталған сала мамандары кез келген меншік нысаны бойынша бухгалтерияларда, ірі фирмалар мен банктерде, мемлекеттік мекемелердің экономикалық жоспарлау және талдау бөлімдерінде жұмыс істей алады.
Қаржы мамандығы бойынша бітірген колледж түлектері жоғары сұранысқа ие мамандар қатарына жатады.

0601000 – Стандарттау, метрология және сертификаттау (салалар бойынша)
Біліктілігі: стандарттау-технигі
Оқу мерзімі: 9 сынып негізінде – 2 жыл 10 ай, 11 сынып негізінде – 1 жыл 10 ай.
Оқу нысаны: күндізгі және сырттай оқу
Оқу түрлері: ақылы
Стандарттарды сақтау кез келген кәсіпорынның тұрақтылығын және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Оқыту барысында білім алушылар өндіріс технологиясы, аспаптарды, жабдықтар мен материалдарды пайдалануға беру, пайдалану, оларға қызмет көрсету техникасы бойынша теориялық білімдер мен практикалық дағдыларға ие болады.
Колледжді бітіргеннен кейін түлектер өнеркәсіптік компанияларға, азық-түлік өнімдерін өндіру, сауда және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына, оқу орындарының зертханаларына жұмысқа орналасады.

0819000- Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы
Біліктілігі: техник-технолог
Оқу мерзімі: 9 сынып негізінде – 3 жыл 10 ай, 11 сынып негізінде – 2 жыл 10 ай.
Оқу нысаны: күндізгі және сырттай оқу
Оқу түрлері: ақылы
Мұнай-газ өңдеу компаниялары, мұнай-химия өнімдерін шығаратын кәсіпорындар, мұнайды, мұнай өнімдері мен газды тасымалдау, сақтау және сату бойынша фирмалар «Техник-технологтың» кәсіби объектісі болып табылады.
Колледж түлектері сұранысқа ие мамандардың қатарына жатады.

1211000- Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу
Біліктілігі: модельер-конструктор
Оқу мерзімі: 9 сынып негізінде – 3 жыл 10 ай, 11 сынып негізінде – 2 жыл 10 ай.
Оқу нысаны: күндізгі
Оқу түрлері: ақылы
«Модельер-конструкторлар» үлгілер жасайтын ұйымдарда, жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында, өнеркәсіптік тігін бірлестіктерінде, сән үйлері мен студияларында, ательелерде, фабрикаларда қызмет істей алады. Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу мамандығы бойынша «Модельер-конструктор» біліктілігі бар колледж түлектері жоғарыда аталған компаниялар мен фирмалар үшін өте қажетті мамандар болып есептеледі.

1226000- Тамақтандыру кәсіпорындарының өнімдерін өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру
Біліктілігі: техник-технолог
Оқу мерзімі: 9 сынып негізінде – 3 жыл 10 ай, 11 сынып негізінде – 2 жыл 10 ай.
Оқу нысаны: күндізгі, сырттай және қашықтықтықтан оқыту
Оқу түрлері: грант және ақылы
Техник-технолог – түрлі тағамдар, салаттар, жеңіл тамақтар дайындау өнерін жақсы меңгерген маман. Бізде мәзір құру, үстелге тағамдар мен ыдыстарды әдемілеп қою, карвинг (көкөністер мен жемістерді пішінді ою) өнеріне және тағы басқа да дастарханды әсемдеу әдістеріне үйретеді.
Колледж түлектері тамақ дайындау технологы және/немесе қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары өндірісін ұйымдастырушы, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары менеджерлері болып жұмысқа орналасады, мейрамханалар, дәмханалар, асханалар және барлардың шеф-аспазшылары бола алады.

1305000 - Ақпараттық жүйелер (қолдану саласы бойынша)
Біліктілігі: техник-бағдарламашы
Оқу мерзімі: 9 сынып негізінде – 3 жыл 10 ай, 11 сынып негізінде – 2 жыл 10 ай.
Оқу нысаны: күндізгі, сырттай және қашықтықтықтан оқыту
Оқу түрлері: ақылы
Техник-бағдарламашы – бұл әр түрлі ұйымдар мен кәсіпорындарда қызметкер ретінде бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, түрлендіру, бейімдеу, күйге келтіру және сүйемелдеу бойынша кәсіби жұмысқа дайын маман.
Өнеркәсіп, банк ісі, білім беру, сауда, ауыл шаруашылығы және басқа да салалар енді, бұдан былай, ешқашанда ақпараттық жүйелерсіз жұмыс істей алмайды.
Қоғамның әр саласындағы адамның тіршілік әрекетінің түрлері сан қилы болып келеді, сондықтан да біз ақпараттық жүйелер бойынша мамандарды да қолдану бағыттарына сәйкес даярлаймыз.
Ақпараттық технологиялар саласындағы мамандар әрдайым сұранысқа ие болып қала беретініне сеніңіздер.

1418000- Сәулет өнері
Біліктілігі: техник-жобалаушы
Оқу мерзімі: 9 сынып негізінде – 3 жыл 10 ай, 11 сынып негізінде – 2 жыл 10 ай.
Оқу нысаны: күндізгі
Оқу түрлері: ақылы
Колледж түлектері әдетте бас сәулетшіге көмекші болып орналасады. Бірақ, олар талаптанса 5-7 жылдың ішінде көмекші архитектордан жетекші маманға, бөлім және басқарма бастығына, тіпті бас сәулетші лауазымына дейін жете алады.
Қазіргі заманда сәулетші мамандығы өркениетті әлемде өте-мөте қажетті мамандықтардың қатарына жатады. Дамып жатқан құрылыстар, дизайн және сәулет салаларына деген қызығушылықтар, әдемі және жаңаша өмір сүру орталарын жасауға сұраныстар осы мамандықтың беделін арттыруда.

Колледжге оқуға құжаттар қабылдау оқудың күндізгі нысанына 20 маусым мен 20 тамыз аралығында, оқудың сырттай нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында, 0103000 – «Дене тәрбиесі және спорт», 0402000 –«Дизайн (бейін бойынша)», 1418000 –«Сәулет өнері» мамандықтары бойынша 20 маусымнан 20 шілде аралығында жүзеге асырылады.
Түсу емтихандары 11 сыныпты бітірген оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) 9 сыныпты бітірген оқуға түсушілер негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі.
0103000 – «Дене тәрбиесі және спорт», 0402000 – «Дизайн (бейін бойынша) және 1418000 – «Сәулет өнері» мамандықтары бойынша колледжге оқуға түсетін тұлғалар шығармашылық емтихандар тапсырады.
Оқуға түсетін тұлғалар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары 1 тамыз бен 28 тамыз аралығында, оқудың сырттай нысанына 1 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында; 0103000 – «Дене тәрбиесі және спорт», 0402000 – «Дизайн (бейін бойынша)» және 1418000 – «Сәулет өнері» мамандықтары бойынша шығармашылық емтихандар 21 шілде мен 28 шілде аралығында өткізіледі.
Студенттер құрамына қабылдау:
1) күндізгі оқу нысанына – 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында;
2) оқудың сырттай нысанына – 25 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады.
Қабылдау комиссиясының мекен-жайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Қ. Мұхамедханов к, 37 А
Республика даңғылы, 54/2
Телефон: 8 (7172) 999 838; 87023449299; 87761756767
www.qutb.kz
Е-mail: kazutb_kolledzh@mail.ru Қабылдау комиссиясы


Макинск қаласындағы кәсіптік бағдар беру жұмысы
Ағымдағы жылдың 5 қарашасында Макинск қаласының мектептерінде кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Мектеп бітірушілерімен кездесулер ұйымшылдықпен табысты өтті. Оларға колледж туралы ақпарат парақшалары үлестіріліп, колледж жұмысы жайлы бейнеролик көрсетілді. Оқушылар тарапынан колледж мамандықтары, оқу ақысы, жатақхана туралы қызығушылық танытқан көптеген сұрақтарына жауап алды.




Щучинскдегі кездесулер
2019 жылдың 6-7 қарашасында колледж директорының кәсіптік бағдар жұмыстары жөніндегі орынбасары Усманов Көбей Қамбарұлы Ақмола облысы Щучинск қаласының мектептерінде болып, кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізіп келді. Жұмыс барысында Щучинск қаласының мектеп бітірушілеріне колледж жайлы, мамандықтар туралы жан-жақты ақпараттармен таныстырылды. Кездесуде мектеп оқушылары тарапынан көптеген қызығушылық сұрақтарына тұщымды жауаптар алды.


























Посмотреть на карте Астаны