Нұр-Сұлтан қ., Республика д-лы, 54/2 kazutb_kolledzh@mail.ru +7(7172) 999 840, 999 838

Тәрбие жұмысы

Бағыттар Өткізілген іс шаралар Суреттер
1-бағыт Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 26 жылдығына арналған “Менің Қазақстаным менің болашағым “Бүгінгі патриот – ертенгі ел қорғаны”,” Мен өз отанымды сүйемін!” т.б топ жетекшілік сағаттар өтті. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру “Елімнің болашағы жастар!” кездесу өткізілді.
2-бағыт Рухани-адамгершілік тәрбие 1 қазан – халықаралық қарттар күні. Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға-апаларымыздың төл мерекесіне орай «Жалпы білім беру және ақпараттық технологиялар» бөлімінде білімгерлер бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата - бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт - дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу мақсатында «Қартын қадірлеген қоғамның болашағы жарқын» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
3-бағыт Ұлттық тәрбие Әлем мәдениеті.Көрме мұражайларға 1-2 курстар саяхат жасады.“8 Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі” және“Ұлыстың ұлы күні – Наурыз!” мерекесі өткізілді. Ашық тәрбие сағаттар: “Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы” “Көп ұлтты, тату елім – Қазақстан” “Тіл – татулық тірегі” “Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген!”- жас ақындар мүшайрасы өтті
4-бағыт Отбасы тәрбиесі “Тәрбие отбасынан басталады –рухани жаңғыру” тақырыбында қалалық конференцияда ашық тәрбие сағаты өткізілді.Мамандықтар апталығында “Менің отбасым”,”Ата ананы қадірлейік!” “Тәрбие бесіктен” т.б.тақырыптарда тәрбие сағаттар және психологиялық сауалнамалар алынды.
5-бағыт Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие “Жастар – мәңгілік ел болашағы” студенттер қатарына қабылдау іс-шарасы өткізілді. - Колледжде КВН“Капитал” құрамасы ұйымдастырылған Астана.,Қостанай,Көкшетау қалаларында өткен финалдық жарыстарда орын алуда.
6-бағыт Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі. “Таза қала” айлығына қатысып колледж ғимаратының ауласы мен жатақхана ауласына тазалық жұмыстары жүргізілді.”Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!” атты марафон – эстафетаға студенттер қатысты. “Ақшаның мәні?” тақырыбында пікірталас 2 курстар арасында өкізілді.
7-бағыт Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие Астана қаласы,жастар ісі жөніндегі мәселелер басқармасымен ұйымдастырылған іс шараларға колледж белсенділері қатысып отырды. Наурыз айында”Ақ жол,қымбатты жас түлек” колледж бітірушілерге арналған кеш өткізілді. Және “Теледидар адам өмірінің бір бөлшегі” дөңгелек үстел КДМ мүшелері өткізді.Колледж жетістіктерін кең көлемде насихаттау барысында баспаларда жарияланды.
8-бағыт Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты 1-3 желтоқсан аралығында ҚР Тұңғыш Президент күніне арналған Қазастан Республикасы мен Көрші Елдердің жас өспірімдері мен жастары арасындағы бокстан халықаралық турнирге колледжіміздің студентері қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Олар I-орын Өтепұлы Сүндет, II-орын Балтабаев Шынғыз, III-орын Хасан Асылхан, Балтабаев Ильгиз.Колледждің дене шынықтыру оқытушысы Абдилов Сағидолла бокстан төрешілік еткен үшін, үздік төреші Алғыс хатымен марапатталды



Посмотреть на карте Астаны