Білекті бірді жығады, Білімді мыңды жығады!

Нұр-Сұлтан қ., Республика д-лы, 54/2 kazutb_kolledzh@mail.ru +7(7172) 999 840, 999 838

Колледж директоры

Кенішбаев Болат Рақымұлы
1956 жылы дүниеге келген.
Екі жоғары білім алған маман, «зооинженер» және «экономика бакалавры» деген квалификациялары бар. «Зооинженерлік» сала бойынша аспирантура бітірген.
Мамандықтары бойынша жергілікті, аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейлердегі мекемелерде жұмыс істеген.
Ауыл шаруашылық, агроөнеркәсіптік, көлік және коммуникациялық, білім және ғылыми, коммерциялық, комсомолдық, партиялық, кеңестік, кәсіподақтық ұйымдар мен органдарда басшы лауазымдарда болған.
Бірқатар мемлекеттік саяси қызметшілердің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңесшісі қызметтерін атқарған.
Ауыл шаруашылығы өндірісі, агроөнеркәсіптік кешені, дипломатиялық қызмет, жер және су қатынастары, қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын пайдалану, алтын өндіру, құрылыс, көлік және коммуникация, шағын және орта бизнес, қазақстандық қамту, қорғаныс-өнеркәсіптік кешені, мемлекет пен жекеменшік арасындағы әріптестік, білім және ғылым, денешынықтыру және спорт, ғарыш, инновациялық технологиялар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, ақпараттандыру және байланыс, заң шығару, мемлекеттік тіл жүйесі және еліміздің басқа да әлеуметтік-экономикалық салаларының, қоғамдық-саяси ұйымдарының дамуына үлес қосқан азамат.
Жастар саясатының әлеуметтік-экономикалық мәселелерімен айналысқан. Аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып сайланған. Сосын құрамында 1,5 млн. мүшесі бар Республикалық «Ауыл жастары» Ассоциациясының Төрағасы болып сайланған.Қазақстан комсомолының Орталық Комитетінде сектор меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде Басқарма басшысы болған.
Білім беру мен білімді бағалаудың интеллектуалдық технологиясы» атаулы IT-технологияның, «Мен Қазақтың баласы – Мен Қазақпын!» және «Бейбарыс пен Кетбұға» атаулы екі кітаптың, «Әбунасыр әл-Фараби – әл-Отырар» атаулы әңгіменің және басқа да көркем шығармалар мен қызметтік туындылардың авторы.
«Кеңес Армиясының аға лейтенанты», «Еркін күрестен КСРО спорт шеберіне кандидат», «Еркін және Қазақша күрестен Республикалық дәрежедегі төреші» деген атақтары бар.
Мемлекеттік награда «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2012 жыл), мерекелік «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен (2011 жыл), орталық, облыстық және жергілікті мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдардың әртүрлі дәрежедегі наградаларымен марапатталған.

Колледждің ресми сайтының редакциясы
Нұр-Сұлтан қаласы - 2019 жылғы наурыз айы

Посмотреть на карте Астаны