Нұр-Сұлтан қ., Республика д-лы, 54/2 kazutb_kolledzh@mail.ru +7(7172) 725 834, 725 845

Директор блогы


Өтеев Дінмұхамет Балғабекұлы
«Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ колледжінің директоры
ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕРЛЕР МЕН САЙТ ҚОНАҚТАРЫ!

«Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ колледжінің сайтына қош келдіңіздер, онда сіздер біздің білім беру мекемеміміз туралы барлық қажетті ақпаратты ала аласыздар.

Мамандық таңдау - бұл әр адамның өміріндегі маңызды және анықтаушы қадам.

Табысты мансап жақсы білім алу мен мамандықты және білім беру орнын дұрыс таңдаудан басталады – Бұл сіздің ертеңгі сенімді болашағыңыз! Заманауи маманның сапалы дайындығы жабдықталған материалдық-техникалық базаны, оқу үрдісіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізуді қажет етеді.

Біздің колледжде жоғары кәсіби деңгейде білім алуға мүмкіндік беретін зертханалар мен шеберханалар бар.

Біз колледжімізді дамыту және оны жақсарту үшін бар күшімізді саламыз.

«Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ колледжінің басты мақсаты - еңбек нарығының талаптарына сай қазіргі заманғы қоғамның кәсіби сапалы, сауатты және бәсекеге қабілетті мамандарын даярлау.

Колледжмен танысу сіздер үшін пайдалы ғана емес, сонымен қатар қызықты болады және сайттан дәл қазіргі уақытта сізге қажет колледж өмірі туралы ақпаратты таба аласыздар деген сенімдемін.

Менің блогымда сіз өзіңізді қызықтыратын кез-келген сұрақтарыңызды қоя аласыздар.

Сұрақтарыңызға жауап алу үшін алдын-ала қабылдауыма жазылудың қажеті жоқ, блог парақшасында өз пікіріңізді қалдырсаңыздар жеткілікті. Бұл байланыс бәріміз үшін пайдалы болады деп үміттенемін.

Кері байланыс




Посмотреть на карте Астаны